А.Сомма: Қазақстан – ЭЫДҰ-ның Орталық Азия бастамасының тең төрағасы

0
450
5
Әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылу жолында Қазақстан Еуропадағы Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен байланысын нығайту түсуде. Парижде өткен Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері өкілдерінің кездесуінен кейін аталған ұйым басшысының бірі Антонио Сомма біздің телеарнаға арнайы сұхбат беріп, «Қазақстан қазір ұйымның Орталық Азия бастамасының тең төрағасы екенін» айтты. Мұндай қарышты қадам Қазақстанның халықаралық қауымдастықпен тығыз байланыс орнатқанына айқын дәлел бола алады. Осы игі үдерісті одан әрі нығайта түсу үшін арнайы бағдарлама іске асырылып жатыр. Антонио Сомма, ЭЫДҰ Еуразиядағы ынтымақтастық бойынша бағдарлама жетекшісі: – Бұл бағдаралама 2 жылға есептелген және Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйымға мүше емес 4 елге арналған. Қазақстанға қатысты айтар болсақ, бұл елде аталған ұйымда қабылданған мемлекеттік басқару мен экономика деңгейіндегі тетіктерді енгізуге бағытталған, сондай-ақ 6 комитетте байқаушы болуы үшін қажетті 20 жоба бар.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/56784-asy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз