Қазақстан бітімгершілік операцияларына қатыса ала ма?

0
538
6
Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бітімгершілік миссияларына қатысуға ниетті. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осыған қатысты заң жобасы қаралды. «Бітімгершілік қызмет туралы» деп аталатын құжат қабылданса, еліміздің әскери контингенті әскери қақтығыстар болып жатқан 12 мемлекеттің бірінде операциялар жүргізе алады. Ол үшін миссияға қатысушылар алдымен БҰҰ-ның арнайы даярлық курстарынан өтуі шарт. Құжатта әскери қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралған. Егер операция барысында сарбаз қаза тапса, оның отбасына өтемақы төлеу кепілдендірілген. Қазіргі таңда бітімгершілік миссияларына 122 елден 122 мыңдай адам қатысып отыр. Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Осы Заң жобасы Қазақстанның әскери күштерін қандай да бір әскери операцияларға қатыстыру үшін дайындалып жатқан жоқ. Таяу Шығыста, Африкада әртүрлі жағдай болып жатыр. Соған байланысты БҰҰ аясында әртүрлі бітімгершілік операциялар қолға алынған. Қақтығыстарды тоқтатуға, осы мемлекеттерді тұрақтандыруға бағытталған. Соған Қазақстанның қатысуы туралы да өтініштер түсіп жатыр. Сондықтан аталған Заң жобасын бітімгершілік операцияларға қатысуға мүмкіндік беру үшін дайындаудамыз.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/56794-ala-ma

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз