Қазақстанда шын мәнісінде күннің жылуы сәуірдің соңында ғана болады, деп хабарлады “Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі.
“Ауа температрасының айтарлықтай жылуын сәуірдің соңында ғана, үшінші онкүндігінде болады деп күту керек. Сол кезде солтүстік астанада күндізгі ауа температурасы +15+20 градус, ал оңтүстік астанада +20+25 градус болады”, – делінген хабарда.
Жалпы алғанда синоптиктер сәуір айының ауа райын құбылмалы болады, жылы ауа райы күрт суытуымен алмасып отырады деп сипаттады. Мысалы, сәуірдің алғашқы онкүндігінде Қазақстанның барлық дерлік аумағында ауа райы біртіндеп көтеріле береді.
Ауа температурасының тәуліктік тербелісі сәйкесінше: батысында – -10°С-тан +18°С-қа; оңтүстік-батысында -8°-ден +23°С; солтүстік-батысында -17°С-ден +13°С; солтүстігі, солтүстік-шығысында және шығысында -20°С-тан +10°С; орталығында -23°С-тан +10°С; оңтүстігінде -10°С-тан +20°С; оңтүстік-шығысында -15°С-тан +15°С аралығында тербеледі.
Синоптиктер алғашқы онкүндікте жауын-шашын болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Елдің батысында 4-6 сәуірде, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде алғашқы онкүндікте жауын-шашындатады.
“12-16 сәуірде Қазақстан аумағында кезекті суық ауа толқыны өтуімен жауын-шашындатады (қар аралас жауын жауады) желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы салқындап, үсік жүруіне дейін апарады”, – делінген хабарда.
Үшінші онкүндіктің басында суық ауа азаяды. Ауаның салқындауы жауын-шашындатып, желдің күшейуімен, оңтүстігінде – жауындатып, шаңды борандатып, күн күркіреуімен жалғасады. Сонымен қатар “Қазгидромет” мамандары бұл болжам алдын ала жасалған болжам және оның кейбір көрсеткіштері өзгеруі мүмкін деп отыр.
Дереккөз: КазТАГ