Күлкі күні берілген жарнамаға сенген әйел су жаңа көлік мінді

0
502
2
Жаңа Зеландияда 1 сәуір күні адам айтса сенгісіз оқиға болды. Мұнда жергілікті автосалон тұрғындардың ескі көліктерін су жаңа BMW-ге ешбір қосымша төлемсіз ауыстырып беретіндігі туралы хабарландыру жасады. Бірақ халықтың басым бөлігі бұл жарнаманы 1 сәуір күнгі қалжыңға балап, қозғала қоймапты. Тек Тианна Марш атты әйел жергілікті автосалонның Күлкі күніне орай берген жарнамасына сеніп, өзінің ескі Nissan Avenir көлігін салонның тура есік алдына айдап әкеліпті. Таңғы 05:30-да алып-ұшып жеткен Тианна жолда келе жатып, жарнаманың рас болып шығатындығына аса қатты күмәнданғанын айтты. Бірақ жарнама қиындысын автосалон қызметкерлеріне көрсетіп, 1 сериялы су жаңа BMW көлігінің кілті қолына тиген кезде оның төбесі көкке бір елі жетпей қалған екен. Ал оның 15 жыл бойы айдалып, әбден тозығы жеткен бұрынғы көлігін автосалон қайырымдылық аукционында сатып, түскен ақшаны оған мұқтаж адамдарға таратпақ, деп жазады newsru.com. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56936-k-lki-k-ni-berilgen-zharnama-a-sengen

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз