Калифорния штатында суды тұтынуға шектеу енгізілді

0
387
4
АҚШ-та Калифорния штатының губернаторы суды пайдалану көлемін 25%-ға дейін шектеу туралы шешім шығарды. Мұндай қадам жасауға осы аймақта 4 жылдан бері жалғасып келе жатқан құрғақшылық себеп болған. Қазір қуаңшылықтан штат тұрғындарының 98%-ы зардап шегіп отыр. Жаңа шектеу жекеменшік үйлер иелеріне, компания басшыларына мен шаруаларға қатысты енгізілген. Джерри Браун, Калифорния штатының губернаторы – Тарихта бұрын-соңды болмаған құрғақшылыққа байланысты теңдессіз шараларға баруға мәжбүрміз. Сондықтан мен бүкіл штат аумағында суды пайдалануға міндетті және салмақты шектеу енгіздім. Бәріңізді бірігуге шақырамын.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56934-shekteu-engizildi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз