Алматы облысында полиция қызметкері өзінің әріптесін атып өлтірді, – деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Оқиға 29 наурыз күні Алматы облысы, Аалакөл ауданы, Жайпақ ауылдық округінен 16 шақырым жерде болған. Алайда Алматы облыстық ІІБ оқиғаны бүгін жариялап отыр.
Алматы облсытық ІІБ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше АІІБ басшысы аңшы қаруымен полиция инспекторын абайсызда оқ атқан. Мәліметтерде аңшы мылтығынан атылған оқтан инспектор оқиға орнында көз жұмған делінген.
Аталмыш оқиғаға қатысты Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде ұсыалған полиция басшысы тергеу изоляторына қамалған. Сондай-ақ, мәйіт денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілген.
Еске сала кетйік, бұндай оқиғалар Қазақстанда бірінші мәрте кездесіп отырған жоқ.
2011 жылы Қарағанды облысында ЖПБ бөлімшесінде жол полициясы травматикалық қаруды тапсыру кезінде өзінің әріптесін жаралаған еді. Ауыр жарақат алған азамат әскер госпителге жіберілген болатын.
2013 жылы БҚО, Орал қаласы, Жангаин кентінің АІІБ қызметкері кезекті кезекшілік аусымда қызметтік тапаншаны өзінің әріптесіне өткізу кезінде абайсызда оқ атылған еді. Кейін анықталғандай, оқ полиция қызметкерінің сол аяғын жанай өткен және полиция қызметкер тірі қалған еді.
2014 жылдың наурыз айында дәл осындай оқиға Тараз қаласында орын алған. Дәл төмендегідей сюжетпен, полиция қызметкері табельдік тапаншаны тапсыру кезінде әріптесіне оқ атқан. Бұл жолы, кезекшілікті қабылдаушы полиция қызметкері оқиға орнында мерт болған еді.
Нұрзат Тоғжан