Ақтөбе облысындағы Мартөк ауылында екі әйелдің төбелесі кезінде олардың бірі екіншісінің мұрнын тістеп алды, – деп хабарлайды «Экспресс-К».
Оқиға көңіл көтеру кешінде болды. Бір әйел өз жігітін басқа әйелден қызғанып қалады. Бұдан кейін әйелдер бір-бірімен төбелесе кетеді. «Барлық дәлелдер мен боқтық сөздері біткен әйел қарсыласының мұрнып тістеп, жұтып қойды», – деп жазылған азетте.
Айыпты әйелге қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.