Нобель сыйлығының ең жас иегері 17 жастағы Малале Юсуфзайға Австрияда жұлдыз тарту етіледі. Ғарыштық емес, Венадағы «Менің жолым» атаулы көшеде арнайы таста жұлдыз орнатылады. Бойжеткен Пәкістанда қыздардың білім алуына үндеп, «Талибан» қозғалысының қыздар мектептерін қиратқанына қарсы науқан жүргізген болатын. Ол көше әлемнің дамуына өзіндік үлесін қосқан жандарға арналған. Мұнда Бриджит Бардо, Кристиан Бернард және Иоанн Павел Екінші сынды азаматтарға жұлдыздар орнатылған. Анджей Карасински, жергілікті тұрғын: – Көшенің жалпы ұзындығы – 3 шақырым. Мұндай бірегей көшені Лондонда, Парижде немесе Барселонада көрген емеспін. Ол Еуропада жалғыз. Мұнда көптеген дарынды адамдарды тануға болады.
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/56961-etilmek