Цюрих Еуропадағы ең экологиялық таза қала атанды

0
518
4
Швейцарияның қаржылық орталығы саналатын Цюрих енді экологиялық жағынан да тазалығымен танымал болды. Кәрі құрлықтағы ең таза қалалар рейтингінде көш бастаған шаһарда көліктің экологиялық түрлері кеңінен таралған. Сол себепті ауа да таза. Соңғы уақытта Цюрихте және тазалығы жағынан екінші орынды иеленген Копенгагенде көліктер саны едәуір қысқарып, жолда дизель отынымен жүретін және құрылыс саласына арналған көліктердің жүруіне шектеулер енгізілген. Бұл мәліметтерді Қоршаған орта жөнінен еуропалық бюро (EEB) алға тартты. Ал ауасы ең көп ластанған қала Люксембур екен. Оның артынан тізім бойынша Лиссабон және Рим орналасқан, деп хабарлайды thelocal.ch. Сонымен, кәрі құрлықтағы ең экологиялық таза қалалардың топ-бестігі мынау:
1. Цюрих
2. Копенгаген
3. Вена
4. Стокгольм

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз