Ресейдің Охот теңізінде жоғалғандарды іздеу жұмыстары бүгін қайта жанданады. Кеше ол операция күн бастқан соң уақытша тоқтатылған болатын. Естеріңізге сала кетейік, «Қиыр Шығыс» автономиялық траулері Магаданнан 300 шақырым жерде суға кетті. 130 теңізшінің 56-сы көз жұмып, 63 экипаж мүшесі аман-есен құтқарылды. Алайда басқа 13 адамның тағдыры белгісіз. Алдынала мәліметтерге сүйенсек, кеме айсбергке соғылуы мүмкін.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57107-zhandanady