Лукашенко Еуразиялық одақта ортақ валюта енгізуге әлі ерте екенін айтты

0
68

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ валютасын енгізу – бүгіннің шаруасы емес және ол мәселеге жете қояр ма екенбіз?

Photo: Лукашенко Еуразиялық одақта ортақ валюта енгізуге әлі ерте екенін айтты
“Беларусь президенті Александр Лукашенко “Блумберг” медиахолдингіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді”, – деп хабарлады “БЕЛТА” Беларусь телеграф агенттігі.

Лукашенконың сөзінше, бұл мәселе күн тәртібінде жоқ.

“Ортақ валюталық қор қалай жүзеге аспақ? Міне, осы сауал алаңдатуы тиіс”. Оның сөзінше, валюта күн тәртібіндегі бірінші емес, ең соңғы сұрақ болуы шарт. Ол ортақ валюта тақырыбын үдеткен Ресей баспасөзі деген ойда.

Астанада осы тақырыпты талқылағанда, Владимир Путин: “Экономикалық ынтымақтастығымызды тереңдету үшін ортақ валютаны енгізуіміз қажет болар. Сарапшылар осы мәселені көтеріп, талқыласа, қарсы болмайсыздар ма?” деп сұрады.

“Сарапшылардың талқылағанына біз келістік. Бірақ валютаны белгілі бір мерзімде қолданысқа енгізу сынды сұрақ көтерілген жоқ”, – дейді Лукашенко.

Беларусь басшысы ойын: “Одақта қауіп-қатер онсыз да жетерлік. Сондықтан валюта енгізілетін күнге жете қояр ма екенбіз”, – деп түйіндеді.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ елдері басшыларының 20 наурыздағы Астанадағы кездесуінен соң, Владимир Путин кезекті рет ортақ валюта құру мәселесін көтерген-ді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз