Назарбаев Оралда жастармен бірге топтық селфиге түсті

0
69

Оралдағы жастардың республикалық форумы аяқталған соң, президент Нұрсұлтан Назарбаев жастармен селфи жасады.

Photo: Назарбаев Оралда жастармен бірге топтық селфиге түсті
Бұл туралы Мой город хабарлайды.

Назарбаевқа селфи жасау туралы ұсыныс білдірген Илья Ильин.

“Нұрсұлтан Әбішұлы, есіңізде ме, мен сізге селфи деп аталатын фото жасау туралы өтініш білдіргенмін. Енді барлық жастармен селфи жасау туралы тағы да өтініш айтқым келіп тұр”, – деді Олимпиада чемпионы Илья Ильин.

Президент бұл ұсыныстан бас тартқан жоқ. Ол “Қане, селфи жасайық” дегенде жастар ерекше қуанды.

Нұрсұлтан Назарбаевпен селфи жасаған жастардың ішінде Илья Ильин, Денис Тен, Серік Сәпиев, Нұрлан Қоянбаев, Сабина Алтынбекова және басқалары бар.

Еске сала кетейік, Илья бұдан бұрын да елбасымен селфи жасаған болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз