Қытайлықтар Ақтауда өз ақшаларына мұнай өңдеу зауытын салуға ниетті

0
492

Бейжіңде 28 наурызда премьер-министр Кәрім Масимов пен ҚХР билік өкілдерінің арасында $23 млрд құрайтын келісімшартқа қол қоюмен аяқталған ресми сапарда қазақстандық мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі де көтерілді.

Андрей Лунин фотосы
Фото авторы – Андрей Лунин 

Бұл туралы Forbes.kz-ке  сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жақында Маңғыстау облысында алғашқы Қазақстан битумдық зауытын салған Қытайлық CITIC компаниясы, барлық шығынды өздері көтеріп, сол өңірге мұнай өңдеу зауытын да салуға ниетті екендігін білдірді.

Бұл ақпарат жанама түрде ресми сапардың баспасөз хабарламасында расталып, онда қол қойылған келісімшарт бірнеше салада ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастыратындығы жазылған. Атап айтқанда, болат құю өндірісі, түрлі-түсті металлургия, табақ әйнектер шығару, гидроэнергетика және мұнай айыру салалары.

Жанар-жағармай өнімдерінің тапшылығына қарамастан, еліміздегі билік өткен жылы мұнай өңдеу зауыты салынбайды деп шешіп, тек шымкенттік зауыт ұлғайтылатындығын айтқан еді. Бұл шешімді олар жаңа мұнай өңдеу зауыты тым көп қаражатты қажет ететіндігімен түсіндірген болатын.

Қытайлық жоба шығыны аз болмақ. Жобаны қытайлық Эксимбанк қаржыландыруға дайын.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржановтың айтуынша, жоба алғаш рет осы жылдың қаңтарында III қазақ-қытай форумында ұсынылды. Жаңа зауыт жылына 6 млн тоннаға дейін мұнай өңдеуге жарайды. Құрылысы 5 жылға созылатын жобаға $5-6 млрд қаржы жұмсалады деп күтілуде.

Рақымбек Әміржанов. Фото авторы - Андрей Лунин
Рақымбек Әміржанов. Фото авторы – Андрей Лунин

“Қазіргі уақытта еліміздегі бір жылда тұтынатын 6 млн тонна мұнай өнімдерінің 30%-ы (1,8 млн тонна) Қазақстанға шетелден әкелінеді. Бұл мәселенің туындауына кеңес кезеңінен қалыптасқан қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын Ресейдің батыссібірлік кен орындарының жеткізілімдерімен байлынстыру жағдайы себепкер болды. 90-ншы жылдардың басында отандық мұнай өңдеу зауыттары (80%-ы пайызы ресейлік болып табылатын) 17 млн тоннаға жуық мұнайды өңдесе, соңғы жылдары бұл көлем үш есеге дейін қысқарды”, – дейді Рақымбек Әміржанов.

Еске сала кетсек, наурыз айында еліміздің энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев “мұнайды 10 млн тоннадан кем өңдейтін зауыт салу пайда әкелмейді” деген болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз