Павлодар облысында сақтық шаралары қолға алынды

0
38
Павлодар обылсындағы Баянауылға да биыл қар жылдағыдан ерекше көп түсті. Күн күрт жылынса, еріген қар суынан өңірдегі 12 елді мекен зардап шегуі мүмкін. Әсіресе Қарағанды облысымен шектесетін Теңдік пен Қараащыны сол аймаққа қарасты Ақжар мен Қаратоқа су қоймаларынан асқан қызыл су басып кетуі ықтимал. Сондықтан тасқынның алдын алу жұмыстары осы екі ауылда күшейтілген. Қазір жоғары жақтан қармен бірге келетін ағын судың жолын бөгеу үшін арнайы бөгеттер салынып, қиыршықтастар төселіп жатыр. Осы маңдағы «Богатырь Көмір» ЖШС, «Майкөбе-Вест» ЖШСсынды ірі кәсіпорындар сақтық шараларына тас-түйін дайын. Су басқан жағдайда олар еңбеккерлері мен техникаларын көмекке жіберуге әзір отыр. Дүйсенбай Тұрғанов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары: – Баянауыл ауданына судан келетін қауіп бар екенін жоққа шығармаймыз. Сондықтан біз халықты су тасқынынан сақтандыру мақсатында осындай алдын алу шараларын жүргізіп жатырмыз.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/57151-alyndy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз