$1 миллион тұратын картинаны 175 АҚШ долларына сатқан палестиналық сан соғып қалды

0
438
4
Газа қаласының тұрғыны Раби Дардуна андеграунд суретші Бэнксидің картинасын сату барысында алданып қалды. Әзірге атау берілмеген суретті өзін сол қылқалам шеберінің өкілімін деп таныстырған белгісіз бір алаяқ бар болғаны 175 АҚШ долларына сатып әкетіпті, деп хабарлайды epochtimes.ru. Жылап отырған әйел бейнесін Бэнкси Раби Дардунаға тиесілі болып, әуе соққыларынан қираған үйдің жалғыз сау қалған бөлігі – есікке салып беріп кеткен екен. Белгілі граффити суретшісі бұл туындысын жыл басында Газа секторына жасаған сапары барысында жазған. Ал суретті сатып жіберіп, Бэнкси жұмыстарының аукциондардағы бағасын білген араб азаматы енді санын соғуда. Себебі бұл қылқалам шебері салған картиналар онда миллион доллардан кемге бағаланбайды екен. Оның қабырғаға салған «Құл еңбегі» атты туындысы 1,1 млн долларға өткен. Ал осы кезге дейін Бэнксидің «Зиянкестермен күрес» картинасы 1,9 млн долларға сатылыпты. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57143-1-million-t-ratyn-kartinany-175-a-sh-dollaryna-sat-an-palestinaly-san-so-yp-aldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз