

Оған 30-дан астам мекеме қатысып, 320 бос жұмыс орны ұсынылды. Екі қолға бір күрек іздегендер алдынала шақырту алған. Олардың деніқалалық еңбекпен қамту орталығында есепте тұрғандар. Арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Жәрмеңкеге келгендердің бірі Айгүл Исмағұлова өткен жылы колледжді байланысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысып, 6 ай жастар тәжірибесінен өткен. Енді тұрақты жұмыс іздеп жүр. Бүгін бірнеше кәсіпорынға түйіндемесін тапсырды. Айгүл Исмағұлова, Ақтөбе қаласының тұрғыны: – Енді осы жәрмеңкеде мамандығым бойынша тұрақты жұмыс тауып алармын деген ойдамын. Мен жастар практикасынан өткен жерде көп нарсе үйрендім, ағай-апайлар білгендерін үйретті. Жәрмеңкеге 30-дан астам кәсіпорын қатысты. Арасында ірі зауыттар да бар. Мысалы, ферроқорытпа зауытына бірнеше мамандық бойынша жұмысшылар керек. Бұл зауыт осындай жәрмеңкелерге тұрақты түрде қатысады. Жаңа цех ашылғалы, мұнда жұмысшыларға қажеттілік туындаған. Татьяна Пфаненштиль, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының мамандармен жұмыс жөніндегі менеджері: – Локоматив жүргізушісіне 3 орын бар, арнайы техникаларға 5 жүргізуші қажет. 3-4 адамды газ-электр дәнекерлеушісі ретінде жұмысқа қабылдай аламыз. Химиялық сараптама жүргізетін 5 маман керек. Сонымен бірге темір пісушіге бір орын бар. Өңірде өткен жылы осындай 13 жәрмеңке ұйымдастырылып, мыңдаған адам еңбекпен қамтылған. Биыл да бұл шара ай сайын өткізілмек. Ал бүгінгі жәрмеңкеге 300 адам жұмыс іздеп келді. Олардың 30%-ы тұрақты жұмыс табады, -дейді ұйымдастырушылар. Қалғандары Жұмыспен қамту орталығына есепке алынып, жұмыс іздеу шаралары жалғасады. Жалпы жыл басынан бері қалада 720 адам жұмысқа орналасқан. Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/57153-synyldy