Малайзиялық премьердің қызын алған қазақ жігіті отандық БАҚ-қа сұхбат берді

0
61

Данияр Кесікбаев пен Малайзия премьерінің қызы Нуриана Наджвенің тойы екі елде де түрлі пікірлер толқынын тудырды. Тойға қатысты барлық сұрақтарға Кесікбаев журналист Гүлнәр Бажкеновамен сұхбатында жауап берді.

Фото авторы - Қанат Бейсекеев
Фото авторы – Қанат Бейсекеев

Бұл туралы esquire.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Көшіліктің “неге қазақ қызын алмады?” деген ренішіне Кесікбаев ғашық жүрекке әмір жоқтығын айтты.

“Қай ұлт өкілі екендігі маңызды емес, егер өмірлік серігіңді жолықтырсаң, онымен мәңгі бірге болғың келеді. Кеңес өкіметі құлағаннан бері жұртшылық шекара асып, білімдерін шыңдауда. Шетелден қосағын табу – таңсық дүние емес. Кезінде бөтен ауылдан қыз алғанға да шулайтын халық қазірде шексіз маһаббатың шекара танымайтынына көз жеткізді” – дейді той иесі.

Ал әлеуметтік желіде көпшіліктің “той неге Қазақстанда емес Малайзияда өтіп жатыр?” деп таңдануының себебін Кесікбаев түсінбейтіндігін айтты.

Фото авторы - Қанат Бейсекеев
Фото авторы – Қанат Бейсекеев

“Біртүрлі сұрақ екен. Біздің дәстүр бойынша алдымен қызды ұзатып алып келіп, содан кейін өз жерінде той жасамай ма? Алғашқы той келіннің жерінде болуы керек. Бұл қазақтарға да, малайзиялықтарға да бірдей шарт. Тек, айырмашылығы – малайзиялықтар дәстүр бойынша қызға бір той емес, бірнеше той жасайды. Соңғысы 4 сәуірде Нуриананың әкесі туған жерде, Пехангте болады. Тойға негізінен оның партиядағы жақтастары жиналады. Ал Қазақстанда той күні 18 сәуірге бұрыннан-ақ белгіленіп қойған”, – деп түсіндірді Данияр.

Біздің дәстүр бойынша алдымен қызды ұзатып алып келіп, содан кейін өз жерінде той жасамай ма? Алғашқы той келіннің жерінде болуы керек

“Малайзияда тұрғындар саясаткерлердің ашық болуын талап етеді. Сол себепті премьер-министр  жақындарымен қоса, барлық ителлигенцияны, шенді адамдарды тойға шақырып отыр. Байқаған шығарсыздар? Тойға Таиланд пен Индонезия басшылары, Сингапур премьер-министрі және өзгелер шақырылды. Қонақжайлық танытып, қуанышты бөлісуге барлықтарын шақыру – қоғамға көрсеткен сый-құрметтің көрінісі. Мен тек 200 адамды шақырам деп айта алмайсың”, – деп жалғастырды той иесі.

Кесікбаев тойдың қазақтарда әрі кетсе 500 адамға жасалғанымен салыстырғанда малайзиялықтар 2000-3000 адам шақыратынына таңданысын жасырмады. Ол кез-келген елге қонақ болғанда сол елдің дәстүрін сыйлауды әдетке айналдырған екен. Күйеу жігіт малайзиялықтар мұсылман халық болған соң, қазақтарға ұқсас, жақын келетіндігін байқаған.

Әңгіме барысында Кесікбаев өз елінің азаматы екендігін мақтан тұтатындығын айтып, азаматтық жайлы сыбысты жоққа шығарды.

Фото авторы - Қанат Бейсекеев
Фото авторы – Қанат Бейсекеев

“Менде малайзиялық паспорт жоқ, мұны жариялаған БАҚ қателескен болуы керек. Мен өз елімнің ұлымын. Және сонымен мақтанамын!”, – деді Кесікбаев.

Керемет қызды алыпты деп шуласқан жұртшылықтың пікірімен күйеу жігіт толықтай келіседі екен.

“Мен олармен келісемін, менің әйелім өте ақылды, жаны жайсаң, жүрегі кең жан. Біз бір-бірімізге жақсы жарасамыз!” – деп ағынан жарылды Данияр.

Ал журналистің “сіздің анаңыз өте жігер мінезді жан, анаңыз сізге қаншалықты әсерін тигізуде?” деген сауалына Данияр “әр балаға тікелей әсер етіп, аяғынан тұруға көмектесетін бірден-бір жан – ана, мен анамды мақтан тұтамын” деген жауап қайтарды.

Данияр Кесікбаевтың сөзіне сенсек, тойда тек кіші бауыры Ханболат Назарбаев болғанына қарамастан, қонаққа барлық туыстары шақырылған екен.

Айта кетерлігі, Данияр Кесікбаевтың сөзіне сенсек, тойда тек кіші бауыры Ханболат Назарбаев болғанына қарамастан, қонаққа барлық туыстары шақырылған екен. Алайда, той жері алыс болғандықтан көбі келе алмаған.

Ал 18 наурызда елімізде өтетін тойға барлық жақындары шақырылыпты. Сұхбат беруші сондай-ақ Қазақстан президентінің отбасымен түрлі сыбыстарға қарамастан жақсы қарым-қатынаста екенін баса айтты.

Той президенттік сайлау уақытына жақын болғанымен, Кесікбаев сайлауға келетінін мәлімдеді.

Фото авторы - Қанат Бейсекеев
Фото авторы – Қанат Бейсекеев

Ол сұхбат барысында елбасына дауыс беретінін және президентіміздің жақсы лидер екендігін айтты.

Ал той әлегі біткеннен кейін, әйелі Harvard Kennedy School мен Wharton Business School университеттерінің бірінде оқуын жалғастырып, қос ғашықтар АҚШ пен Малайзия арасында тұратындығын айтты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз