Есімов: Алматы тұрғындары арақ ішпейді

0
36

Алматы әкімі Ахметжан Есімов алматылықтардың арақ ішпейтінін айтты. Оның ойынша, олар тек сапалы шарап не виски ішеді.

Ахметжан Есімов
Ахметжан Есімов

Бүгін, 2 сәуірде Алматыда өтіп жатқан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кеңесінде Алматы әкімі “Қазалконың” арақ құнын түсіру ұсынысын талқылап, аламатылықтардың арақ ішпейтіндігін айтты.

“Қазалконың” айтуынша, бүгінде отандық арақтың ең төменгі бағасы 650 теңге болса, ресейлік арақ 589 теңгеге тиеді. Бағадағы бұл айырмашылық салдарынан Ресейге шекаралас жатқан өңірлер ресейлік арақты жаппай сатып алуда. Осыған байланысты алкаголь өндірушілер арақтың ең төменгі бағасын 560 теңгеге түсіріп, 100% спирт акциздерінің бағасын 1200 теңгеге төмендеттіруді ұсынып отыр.

“Ресейде орын алып жатқан бұл жайт, әрине қазақстандық кәсіпкерлерге әсер етуде. Ресейден арзан азық-түліктер мен тауарлар әкелініп жатыр. Бұған шара қолдану қажет. Мәселен, Қазалко мемлекетке арақ Ресей жақтан 589 теңгеге сатылып жатқанына орай, отандық арақ құнын 650-ден 560 теңгеге түсіруге ұсыныс жасап отыр. Ал алматылықтар арақ ішпейді. Олар сапалы шарапты не болмаса вискиді ұнатады”, – деді әкім Алматыда өтіп жатқан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кеңесінде.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз