Ұшқыштың ұшақты қасақана құлатқаны дәлелденді

0
33
Францияда апатқа ұшыраған Germanwings әуекомпаниясына тиесілі Airbus-320 ұшағының қасақана құлатылғаны қара жәшік оқылғаннан кейін дәлелденді. Мамандардың айтуынша, ұшақтағы екінші ұшқыш Андреас Любиц ұшақтың төмендеуін жылдамдатып тауға соққан. Дюссельдорф прокуратурасы мәліметіне сүйенсек, Андреастың ғаламторда өз-өзіне қол жұмсау амалдарын іздестірген екен. Естеріңізге салайық, әуе лайнері 24 наурызда апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 150 адам болған.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57289-leldendi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз