Бүкіләлемдік қысқы универсиада жеңімпаздары марапатталды

0
387
4
Астанада биылғы қысқы бүкіләлемдік универсиаданың жеңімпаздары марапатталды. Байрақты бәсекеде біздің спортшыларымыз 11 жүлдеге, яғни бес алтын мен алты күміске қол жеткізіп, жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды. Бас жүлдені Ресей, ал екінші орынды Оңтүстік Корея спортшылары иемденген болатын. «Спорт – ұлт денсаулығы» атты форум барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бұл бәсеке қазақ споршылары үшін сәтті өткендігін айтады. Жиын барысында ел намысын асқақтатып жүрген батырларымызды ұлықтаумен қатар отандық спорттың даму жайы да талқыға түсті. 2020 жылға қарай ел азаматтарының 30%-ы, 2030 жылы 40%-ы дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуы қажет. Сол себепті қазіргі кезде аталған салаға бөлінетін қаржы көлемі ұлғайтылып, заман талабына сай кешендер тұрғызылып жатыр. Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары: – Мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаржы жылдан-жылға орта есеппен 10-15%-ға көбейіп отыр. Соңғы жылдардың өзінде ғана осы спорт саласына бөлінетін қаржы 4 млн-ға жуық көбейген. Шын айту керек, мемлекеттен бөлініп жатқан қаржы өзінің нәтижесін беріп жатыр. Жас мемлекет болғанымызға қарамастан, соңғы олимпиадалардың өзінде 56 медаль, азиадаларда 640-ға жуық медаль алдық. Бұл жас Қазақстан үшін аз жетістік емес. Данияр Ахметов, Шайбалы хоккейден бүкіләлемдік универсиаданың жүлдегері: – Осы универсиадада екінші орын алдық. Жақсы ойнадық. Алматыда өтетін келесі универсиадада чемпион боламыз. Бәріне рақмет!

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sport/item/57274-marapattaldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз