Неміс ғалымдары шетелге қоныс аударуда

0
644
5
Неміс ғалымдары, инженерлері мен физиктері шетелде жұмыс істеуді жөн санайды. Ғалымдардың елден жаппай көшуі Германиядағы басты мәселелерінің біріне айналды. Себебі соңғы он жылда жарты милионға жуық ғалым шетелге қоныс аударған. Олардың елде қалуына не кедергі?
Фортепиано, скрипка мен баян – Филипп Гидионың айнымас серіктері. Ол жастайынан музыкалық аспаптардың шығу тарихы мен жасалу жолдарына қызыққан. Осылайша мектепті тәмамдаған соң Потсдам университетіне түсіп, акустикалық физика жайында білім алады. Бірнеше айдан соң доктор дәрежесіне дейін көтеріледі. 31 жастағы жас ғалым Германиядан кету туралы шешім қабылдапты.
Филипп Гидио, физик-астроном:
– Мен физиктердің халықаралық конференциясына қатыстым. Сонда маған бірнеше ұсыныс түсті. Содан Францияға көшуге келісімімді бердім. Білесіз бе, онда барлық жағдай жасалған. Мен зерттеумен айналысамын. Ал Францияда карьерамның өсуіне мүмкіндік зор.
Еңбек жолындағы өсу, жоғары жалақы. Бір сөзбен айтқанда бақуатты өмір сүруге кепілдік. Бұл – неміс ғалымдарына өз Отанында жасалмаған жағдай. Дәл осы факторлар жас мамандардың елден кетуіне сеп болған.
Мамандардың басым бөлігі Швейцарияға баруды жөн санайды. Онда 209 мың ғалым қоныс аударған. Ал,136 мың ғалым АҚШ-қа, тағы 109 мыңы Австрияға көшкен. Испания мен Францияға кеткендер саны 145 мыңға жуықтайды. Ал Нидерланд пен Канаданың әр қайсысында 35 мың неміс ғалымы жұмыс істейді.
Корнелия Шу, Қоші-қон және интеграциялық жұмыс жөніндегі сараптамалық одақтың директоры:
– Біз елден кеткен 1700 адамға сауалнама жүргіздік. Олардың 70%-ы біржолата қоныс аударған. Көшу себептерін шетелде жоғары жалақы төленеді деп түсіндіріпті. Тек өткен жылдың өзінде Германиядан 52 мың маман шетелге көшіп кеткен.
Немістер жылына орта есеппен 25 мың жоғары санатты маманын жоғалтады. Ал соңғы он жылда жарты миллионға жуығы елден көшіп кеткен. Бұл неміс сарапшыларын алаңдатып отыр. Егер жақын арада мұндай көші-қон процесі толастамайтын болса, Германия болашақта шетелдік ғалымдардың көмегіне жүгінуіне тура келеді. Айта кетейік, қазірдің өзінде-ақ мұнда дәрігерлер мен IT мамандарының тапшылығы сезілуде. Авторлары: Әсел Ауданбаева, Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57264-audaruda

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз