Тимур Құлыбаев Ұлттық банк қызметін сынға алды

0
531

Тимур Құлыбаев Ұлттық банк жұмысын сынға алды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алқа төрағасы, елдегі бас банк бизнеске көңіл бөлмей отыр, дейді.

Photo: Тимур Құлыбаев Ұлттық банк қызметін сынға алды
Бұл туралы ол Алматыда өткен палатаның өңірлік кеңесінде мәлімдеді. Басқосуда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының дағдарысқа қарсы әзірлеген шаралары баяндалды.

Барлық деңгейдегі лауазымды тұлғалардың қатысуымен өткен жиында Алматыдағы бизнес өкілдерінің көкейінде жүрген мәселелер де тыңдалды. Алматылық кәсіпкерлер көбіне теңгенің өтімділігі төмендігін, тіпті теңгенің жоқтығын және несие пайызын арзандату мәселесін көтерді.

Тимур Құлыбаев бұл сұрақтарды еліміздің барлық өңіріндегі кәсіпкерлер жиі қоятынын айтып, Ұлттық банк өкілінен жауап талап етті.

Кешіріңіздер, біз өтемділікті Ұлттық банктен алмағанда, қайдан аламыз? Қала әкімі мен кәсіпкерлер сауда өтемділігі туралы сұрақ қояды.

“Сіздер елдегі бүкіл ұзақ өтемділікті жинақтадыңыздар. Сіздерде біртұтас жинақтаушы зейнетақы қоры және Ұлттық қор – бүкіл өтемділік сіздердің қолдарыңызда. Кешіріңіздер, біз өтемділікті Ұлттық банктен алмағанда, қайдан аламыз? Қала әкімі мен кәсіпкерлер сауда өтемділігі туралы сұрақ қояды. Ұлттық банк өтемділік пайда болуы үшін, қандай да бір амалдар қабылдай ала ма?”, – деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев.

Қуат Қожахметов өз кезегінде жұмыстар жасалып жатқанын айтты. Бірақ несиелеу Ұлттық банктің міндеті емес деді.

“Біз қазірдің өзінде араласып кеттік, арзан нарық ұсынып отырмыз. Ұзақ мерзімді қомақты қаржыландыруды іске асырып жатырмыз. Бірақ, тағы да айтамын, ұзақ мерзімге қомақты қаржы беру – бұл Ұлттық банктің міндеті емес”,- деді Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов.

Тағы да айтамын, ұзақ мерзімге қомақты қаржы беру – бұл Ұлттық банктің міндеті емес

Форумның қорытындысы бойынша Алматыда “Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы” ашылды. Орталықта 10 бағыт бойынша бизнесмендерге қызмет көрсетіледі. Бұл бухгалтерлік қызмет, салықтық есеп, маркетинг, кедендік кеңес беру және тағы да басқа кәсіпкерлерге көмек.

Қызмет көрсету орталығында әр қалаған адам бизнесін ашуға және жүргізуге қатысты барлық кеңестерді ала алады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болашақта осындай 18 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз