Батыр аналар қоғамдық көлікте тегін жүре алады

0
39
Батыр аналарға тосын сый. Шымкенттік «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері енді қоғамдық көліктерде тегін жүретін болды. Қалалық мәслихат депутаттары көтерген игі бастамаға тасымалдаушы компания өкілдері бірауыздан қолдау білдірген. Осыған байланысты Наурызда жергілікті билік пен қауымдастық арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Қабылданған шешім үстіміздегі айдың бірінен бастап күшіне енді деп нақтылады әкімдіктегілер. Күні бүгінге дейін қаладағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және көзі нашар көретін бірінші топтағы мүгедектер тегін тасымалданатын. Енді бұл тізімге «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері де енгізілді. Қала аумағында 33 тасымалдаушы компания халыққа қызмет көрсетеді екен. Бір күнде 1 мың 300-ден астам жолаушылар көлігі арнайы бағыттар бойынша қатынайды. Тасымалдаушылар жасаған жақсылықты біздің арна тілшілерінен естіген алтын құрсақты аналар мұндай қолдаудың зейнеткерлер үшін өте қажет екенін айтып отыр. Әсел Баймырзаева, «Күміс алқа» иегері: – Ақы төлеп жүріп жатырсыздар ма, жоқ тегін ба? Ақы төлеп жүріп жатырмыз ғой! Төрт жылдан бері осы ғой 50 теңге. Естіген жоқпын оны әлі, қазір 50 теңге төледім. Онда айтып қою қажет автобус жүргізушілеріне ападан ақша алмаңдар деп. Жеңілдік болса жақсы болар еді. Бастамаларың өте орынды. Жарқынбек Байдуллаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бөлім басшысының орынбасары: – Меморандумның талаптарына сәйкес, Шымкент қаласындағы барлық қоғамдық тасымалдаумен айналысатын компаниялар осыны орындауы тиіс. Орындамаған жағдайда Ассоциация тарапынан және біздің тарапымыздан оларға шара қолданылатын болады.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/57327-zh-re-alady

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз