«Тайқазан» Ақтөбе тұрғындарына табысталды

0
765
4
«Қазақстан халқы Ассамблеясы-20 игі іс» атты республикалық эстафетаның нышаны Тайқазан Батыс Қазақстан облысынан көршілес Ақтөбе өңіріне аттанды. Тайқазанды тапсыру рәсімі түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен қайырымдылық концерті түрінде өткізілді. Кең көлемді әлеуметтік шара барысында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қоғамның қамқорлыққа зәру топтарына көмек көрсетіліп, халыққа медициналық, әлеуметтік және құқықтық тұрғыда қызметтер ұсынылды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қаза тапқандардың жесірлері аз қамтылған және көп балалы отбасылар да назардан тыс қалған жоқ. Енді Ақжайық өңіріндегі ізгі істер Ақтөбе жерінде жалғасын табады. Гаухар Шерниязова, Ақтөбе қалалық «Қоғамдық келісім» МКК басшысы: – Тайқазандарыңызға рақмет! Ішіне ізгі істерді көп салған екенсіздер. Әрбір барған жерде Тайқазанның ішіне салынған жақсы істердің саны көбейіп жатыр. Сондықтан ол адамдардың болашаққа, бірлікке деген көзқарасын білдіреді.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/57331-tabystaldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз