Mercedes-Benz C-Class Нью-Йоркте өтіп жатқан халықаралық автосалонда жылдың ең үздік көлігі болып танылды.
Ол World Car Awards (WCA) конкурсының финалында ол басты бәсекелестері Volkswagen Passat пен Ford Mustangты басып озды.
Конкурстың әділқазылар алқасы көлік тақырыбында қалам түртетін беделді 75 журналистен тұрған. Ережеге сәйкес, жюри тек 2014 жылы өндіріліп, кемінде 2 құрлықта сатылған темір тұлпарларды ғана қарастырған.
C-Class шағын седанның ең соңғы төртінші үлгісі өткен жылдың қаңтарында Детройт автосалонында ұсынылды, деп хабарлайды newsru.com.
Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57265-zhyldy-e-zdik-k-ligi-bolyp-mercedes-benz