АҚШ-та су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

0
441
1
Кентукки мен Индиана штаттарында үдей түскен дауылдың арты толассыз нөсерге ұласып, су тасқынына әкеліп соқты. Кентукки астанасы Луисвиллде су деңгейі 3 метрге дейін жетті. Жүздеген тұрғын баспанасын тастап, қайықпен қауіпсіз аймаққа жеткізілді. Ал көршілес Индиана штатында тасқын бірнеше жүк көлігін аударып жіберген. Мамандар қолайсыз ауа райының әлі бір апта жалғасатынын айтып, тұрғындарға үйден ұзап шықпауды ескертуде.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57343-ha-daj-zhariyalandy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз