Әйгілі Голливуд жұлдызының шоколадтан құйылған мүсіні жасалды

0
64
Ұлыбританияның саусақтарынан бал тамған шеберлері 250 сағат ішінде бельгиялық шоколадтан атақты кино жұлдызы Бенедикт Камбербэтчтің мүсінін жасады. Бұл туралы afisha.mail.ru мәлімдеп отыр. «Шерлок» хикаясы жұлдызының мүсінін жасауға Камбербэчтің қызыл кілемдегі суреттері негіз болыпты. «Әрине мұнтаздай етіп, дәл жасау мүмкін емес. Оның үстіне Бенедиктің бет әлпеті өзгелерге ұқсамайды. Дегенмен дарынды актердың құрметіне шоколадтан құйылған туынды жасау – біз үшін үлкен мәртебе. Шоколадты өңдеу әдістерінің құпия тәсілдерін пайдалану арқылы актермен ұқсастыққа қол жеткіздік. Жанкүйерлерінің тарапынан қолдау табатынымызға нық сенімдіміз», – деп ағынан жарылды бас мүсінші Тим Симпсон. Айта кету керек, 250 сағат ішінде жасалған биіктігі 6 фут (Бенедикт Камбербэтчтің бойының ұзындығы – 182 см) туындыға 40 келі бельгиялық сүтті шоколад жұмсалған екен.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57339-asaldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз