Түрік телехикаясының жұлдызы туған әкесін бауыздап өлтірді

0
455

Түрік телехикаяларының актері 30 жастағы Орхан Шимшек Адыяман қаласының Кахта ауданында әкесі Әли Шимшекті бауыздап өлтірді.

Photo: Түрік телехикаясының жұлдызы туған әкесін бауыздап өлтірді
Photo: Түрік телехикаясының жұлдызы туған әкесін бауыздап өлтірді
Бұған дейін түріктің Samanyolu арнасының эфирінде шығатын Küçük Gelin (Кішкентай келін) телехикаясында рөл алған Орхан қаңтар айында жоғалып кеткен болатын.

Әли Шимшектің денесі Кахта ауданының орталығынан бірнеше шақырым ұзақта орналасқан Салкымбаг ауылындағы алаңда табылды.

Қазіргі таңда актер Орхан Шимшектің құқық қорғау органдарына берілгендігі белгілі болып отыр. Орхан Шимшек өткен қаңтар айында әкесімен Яловаға кеткеннен бастап жоқ болып кеткен еді.

Белгілі актердің анасы Мүйесер Шимшек ұлының психологиялық ауытқулары бар екенін және соңғы кезде өзін нашар сезінгенін, дәрілерін қолданбай жүргендігін айтады.

Айта кетейік, белгілі актер Орхан Шимшек 1985 жылы туған. Ол “Еларна” телеарнасында көрсетілген Genco (Ангел хранитель/ Генджо) телехикасында Ахметтің рөлін сомдаған еді.

Бұдан басқа Karamel (Карамель), Nefes (Дыхание/Дем), Sultan (Султан/Сұлтан), Küçük Gelin (Маленькая невеста/ Кішкентай келін) сияқты телехикаяларда басты рөлдерде ойнаған еді.

Дереккөз: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз