Қазақ шоу-бизнесінің белді әншісі Мейрамбек Бесбаев ұлды болды дегенді естіген халық әншіні әлеуметтік желі арқылы жаппай құттықтап, сәбиге қандай есім берілетініне қатты қызығушылық танытты.
Көптен күткен ұлдың атын әнші де, оның жары да сәбиді перзентханадан шығарғанда нақты білмеген еді. Мейрамбек мырзаның ат қоюда кімдермен таласқанын білмесек те, ұлдың есімін ақырында өзі қойғанын естідік.
26 наурызда дүниеге келген ұлға Абухайр деген есім берілді. Ал сәбиді перзентханадан шығарып алуға отыздан астам адам келген еді. Расында да Мейрамбектің де, тұңғыш қыздары Кәусардың да қуанышында шек болмады.
Ұл сыйлаған Мархабатқа сіз не сыйлайсыз, Мейрамбек мырза? Тақырыптан сәл ауытқып кеткеніне қарамастан Мейрамбек мырза бірінші рет камера алдында сүйікті жарын көздерімен еркелетті.
Естеріңізде болса, өткен жылдың қыркүйек айында Бесбаевтар отбасы тұңғыш қыздарын алғаш рет мектепке алып барған болатын. Сол кезде Мархабат ханым басты армандарының бірін бізге айтып қалған еді.
Күйеуінің алғысына бөленген Мархабат пен Мейрамбектің тұратын екі қабатты мына зәулім үйде енді сәбидің үні естілетін болады. Перзентханадан шығып үйге келген әнші әрбір қонағын құшақ жая қарсы алып жатты.
Ал үйдегі тойдың дастарханы ерекше жайнап тұрды. Мархабаттың асүйінде арнайы шақырылған аспаз бар өнерін ортаға салып жатты. Көтеріңкі көңіл-күймен дастархан басына жиналған қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, ән айтып, би биледі.
Мейрамбек мырзаның үйіндегі қуаныш өзге де өнер жұлдыздарында болған еді. Жыл басында Роза Әлқожа бесінші сәбиін дүниеге алып келсе, әнші Маржан Арапбаева да екінші қыздың анасы атанған еді.
Дереккөз: 31 канал