Астанада Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі

0
137
7 сәуірден бастап елордада «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын» ұранымен Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі.
Бұл іс-шара ҚР денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылады. Мереке елордадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында тойланады. Сол жерде ұйымдастырылатын акция аясында «Денсаулық қалашықтары» ашылып, кез-келген қатысушы медицина мамандарының кеңестерін ала алады. Спорт клубтарының өкілдерінің қатысуымен шеберлк дәрістері, түрлі конкурстар, викториналар, флеш-моб, спорттық-бұқаралық шаралар өтеді.
Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні шеңберінде Астана қаласының медициналық мекемелерінде Ашық есік күндері ұйымдастырылады. Шара барысындаәрбір тұрғын жоғары санатты мамандарға көкейдегі сауалдарын қойып, консультациялық көмек ала алады.
Ақпарат көзі: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтыИсточник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/57377-tiledi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз