Бішкекте ТМД Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті

0
463
2
Достастық шекарасын нығайту, мәдениет және білім саласындағы әріптестікті арттыра түсу.
ТМД елдері Сыртқы істер министрлерінің Бішкекте өткен кезекті кеңесіне осы тақырып өзек болды. Күн тәртібінде 14 негізгі және 2 қосымша мәселе қаралды. Басқосуда шекараны нығайтуға арналған бағдарламаны жүзеге асыратын топ құру жөнінде ұсыныс айтылды. Өзара қарым-қатынасты жүргізетін мамандар даярлайтын оқу орындарынабазалық мәртебе беру жайы қозғалды. Сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның қорытынды актісіне қол қойылған құжаттың 40 жылдығына орай. Сыртқы істер министрлерінің ортақ мәлімдемесін дайындау барысы да талқыға түсті. Кеңеске қатысушылар Біріккен ұлттар ұйымының 70 жылдығын атаулы күндер тізіміне қосуды ұсынды. Сондай-ақ ТМД елдерінің Ұлы Жеңістің 70 жылдығын кең ауқымда атап өту дайындығына шолу жасалды.Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/57372-ke-esi-tti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз