Бұл тізімдегі екінші орынды Мехико қаласы иеленді.
Ал Рио-де-Жанейро болса рейтингте үшінші болып тұр.
TomTom компаниясы әлемнің 200 қаласының жолдарындағы жағдай туралы жыл сайынғы ақпаратты жариялаған еді. Оған сәйкес, кешке таяу көлігіңіз кептеліске тап келсе, әдеттегіден екі есе көп уақыт кетеді. Өткен жылы темір тұлпар иелері осының салдарынан қосымша 100 сағатын жоғалтқан, деп жазады prian.ru.
Себебі жолдар әсересе кешкі уақытта көлікке лық толы болады. Жолдардағы ең қиын жағдай Ыстамбұлда екен. Мұнда кептеліс кесірінен 30 минутта жететін жерге 1 сағаттан астам уақыт жұмсалады. Бұл шаһарда әрбір жүргізуші жыл сайын қосымша 125 сағатын жоғалтады. Салыстырар болсақ, Лос-Анджелесте 30 минут уақыт кететін жолға 54 минут жұмсалады, ал бұл жылына қосымша 92 сағат деген сөз.
Ал өткен жылы бұл рейтингтегі бірінші орын Мәскеуге берілген еді.
Сонымен көлік кептелісі ең тығыз болатын алғашқы 10 қала:
1.Ыстамбұл
2.Мехико
3.Рио-де-Жанейро
4.Мәскеу
5.Сальвадор
6.Ресифи
7.Санкт-Петербург
8.Бухарест
9.Варшава
10.Лос-Анджелес
Дайындаған: Г.АбиловаИсточник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57255-ystamb-l-k-lik-keptelisteri-e-ty-yz