Алматылықтар айына бір рет тегін медициналық тексерістен өте алады

0
41

 

                                                            Астана. 4 сәуір  Baq.kz – Алматыда «Тау Самалы» ықшамауданында 2-сәуірде Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай жаңа Наурызбай ауданының тұрғындарына арналған кең көлемді «Денсаулық жолы» акциясы өтті.

 Атаулы іс-шараға ҚазМҮББУ-нің оқытушы-профессорлық құрамы атсалысып, қаланың жаңа ауданының тұрғындарын көз дәрігерлері, терапевтер, жүрек ауруының дәрігерлері, оташылар, тіс дәрігерлері, травматолог, гинеколог сонымен қатар невропатолог, диетолог және отоларинголог секілді мамандар тексеріп, ақыл-кеңестерін берді.
“Он үш профессорымыз қазір Наурызбай аудан тұрғындарына ем-шара көрсетіп жатыр. 9 мамандық бойынша, яғни хирургия, травматология, терапия, гастроэнтрология, неврология және тағы басқа мамандық бойынша тексеріп жатыр. Бұл жерге халық қай ауруға шағым айтады, соған орай мамандар келген. Солай таңдау да жасадық”,- деді Ғалымжан Тоғызбаев.Жылжымалы медициналық көлік заманауи құрал жабдықпен қамтамасыз етілген. Мұнда жүрек ауру түрлерін тексеретін «кардиовизор» аппараты бар. Акцияға келгендердің көбі жүрегін қаратпақ. Енді тұрғындар айына бір рет еліміздің кәсіби мамандарынан ақысыз кеңес алып, заманауи аппарат арқылы тексеруден өте алады.
Бұл акцияны Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті және Қазақстан-Ресей медициналық университеті ұйымдастырды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз