
Батыр ана Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Отбасымен Ресейге бара жатқан әйелдің толғағы Семей жеріне келгенде басталған.
-Жолаушылар арасынан медициналық білімі бар мамандар табылып, дер кезінде ананың босануына көмектескен. Артынша дереу Семейдегі перинтальды орталығына жеткізілген. Дәрігерлер қарауына шақалақ сәбиімен жеткен ананың денсаулығы жақсы болып шықты,-деп хабарлады Семей перинатальды орталығының қабылдау бөлімі қызметкерлері.