Елбасы “ЭКСПО-2017″ кешенін 2016 жылғы қыркүйекте дайын етуді тапсырды

0
455

Мемлекет басшысы “ЭКСПО-2017″ көрме кешенінің болашақ халықаралық, тақырыптық павильондарының, сондай-ақ сауық және қызмет көрсетуші нысандарының макеттерімен танысты.

Photo: Елбасы "ЭКСПО-2017" кешенін 2016 жылғы қыркүйекте дайын етуді тапсырды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа көрменің орталығы – Қазақстанның Ұлттық павильонында болатын нысандар жөнінде жан-жақты баяндалды.

Кешенді аралап көргеннен кейін, Қазақстан президенті кеңес өткізіп, құрылыс жұмыстарының барысына тоқталды.

Мемлекет басшысы іске қосу және әрлеу жұмыстарын жүргізу үшін “ЭКСПО-2017″ кешенін 2016 жылғы қыркүйекке дейін дайын ету қажеттігін айтып, жұмыс кестесін сақтау мәселесін атап өтті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз