Теміртаудағы түнгі клубтардың бірінде болған төбелесте бір адам қаза тапты

0
402

Бүгін, 5 сәуірге қараған түнде Теміртаудағы түнгі клубтардың бірінде күзетшілер мен клубқа келушілердің арасында төбелес болып, травматикалық қарудан бір

адам қаза тапты.

Photo: Теміртаудағы түнгі клубтардың бірінде болған төбелесте бір адам қаза тапты

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен Қазақпарат агенттігіне хабарланды.

Оқиға салдарынан бір күзетші жарақаттанып, келушілердің бірі ауруханаға жеткізілгенде көз жұмған.

Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды, Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 99-бабымен (“Адам өлтіру”) қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз