Алматыдағы сайлау учаскелеріне сайлаушылар тізімі тапсырылды

0
601
3
Бүгін Президент сайлауына дайындықтың маңызды кезеңі басталды.
Таңертеңнен бері Алматы қаласындағы аудандық әкімдіктер шаһардағы барлығы 513 сайлау учаскесіне сайлаушылар тізімін тапсыруда. Ондағы мәліметтер мұқият тексерілген, мекенжайын ауыстырған тұрғындар туралы деректер тізімнен алынып, жаңадан тіркелгендердің аты-жөндері қосылды. Алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылар саны – 1 млн 28 мың 966. Заң талаптарына сәйкес, құжаттар әкімдіктерде сайлау учаскелерінің төрағасына немесе хатшысына тапсырылады және тізімдер учаскеге жеткізілген соң сейфке салынады. Айта кетейік, сайлау учаскелері өздері орналасқан аумақта 3 мыңға жуық адамды қамтиды. Бұл әрбір азаматтың сайлау күні дауыс беретін орынға оңай жетуі үшін жасалып отыр. Бүгіннен бастап әрбір сайлаушы тізіммен танысып, аты-жөні бар-жоғын тексере алады.
Жанна Асанова, Алматы қаласы сайлау учаскесі төрағасының орынбасары:
– Қазір арнайы сайлаушыларға жасалған Алматы қаласы әкімінің сайтында форма орналастырылған. Жеке басын куәландыратын құжаттың ИИН нөмірі арқылы өз учаскесін, мекенжайын біле алады. Сайлаушы учаскенің мекенжайын білетін болса, сайлау комиссиясына хабарласып, тізімнен өзін тексеруіне болады.Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/57474-tizimin-tapsyruda

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз