Пәкістан тұрғыны өзінің 10 туысын өлтірді

0
90

Немере қарындасы тұрмысқа шығуға қарсы болғаны үшін…

Жергілікті полицейлердің мәліметінше, оқиға 5 сәуірде Пәкістанның солтүстігіндегі Хайбер-Пахтунхва елді мекенінің Чарсадда қаласында болған. Күдікті Гүл Ахмед Кан қазір қашып жүр. Ол өзінің ағасын, тәтесін және сегіз немере бауырын, соның ішінде екі кішкентай баланы өлтірген. Олардың қатарында күдікті үйленгісі келген немере қарындасы да бар.

Агенттіктің мәліметінше, 2014 жылдың қарашасында күдікті өзінің ата-анасы мен екі бауырын атып өлтірген. Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Еске салайық, Волгоград тұрғыны үйлену тойының ертесіне өз әйелін өртеп өлтіргені үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз