Йеменде қанды қырғын күннен күнге ушығып барады. Наурыздың 19-ынан бері аймақтағы соғыстан 549 адам жан тапсырды. Олардың 200-ге жуығы – бейбіт тұрғындар. Бұл туралы БҰҰ-ның гуманитарлық көмек жөніндегі басқармасы хабарлады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының мәлімдеуінше, 2000-ға жуық адам жарақат алған. Жуырда Халықаралық коалиция Қызыл крест халықаралық комитетіне Йеменге дәрі-дәрмек пен арнайы мамандарды жіберуге рұқсат берді.
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57519-boldy