Кения университетіне жасалған шабуылға шенеуніктің ұлы қатысқан

0
401
2
Жуырда Кения университетіне жасалған шабуылға шенеуніктің ұлы қатысқаны белгілі болды.
Мамандығы заңгер жігіт лаңкес болуды қалаған. Қазір Кенияда 150-ге жуық жастың қазасына орай қаралы күн жарияланды. Естеріңізге салайық, өткен аптада Кенияның Гарисса қаласында лаңкестер университетке шабуыл жасаған болатын. Лаңкестік әрекетке жауапкершілікті «Аш-Шабаб» радикалды ұйымы өз мойнына алды. Қазір кейбір аймақтарда коменданттық сағат жарияланды. Тәртіп сақшылары бұндай оқиғалар әлі қайталануы мүмкін деп қауіптенеді.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57520-ly-atys-an

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз