Қарағандылық кәсіпкерлер азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін енгізуге дайын

0
63
Қарағанды облысының кәсіпкерлері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқыға салды.
Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті мамандарының айтуынша, өткен жылы өңірде тамақтан улану фактілерінің орын алуы бұл бағыттағы бақылау және сараптама жасау жүйесін күшейтуді талап етіп отыр. Үшкүндік семинар барысында кәсіпкерлер ХАССП жүйесінің қағидаларымен танысты. Аталған жүйе кәсіпорындағы барлық процесті, яғни шикізаттан бастап өнім қаптамасына дейін бақылауға алады. Алайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қомақты қаражатты қажет етеді дейді кәсіпкерлер. Қалай болғанда да қарағандылық кәсіпорындар бұл жүйені енгізуге мүдделі.
Людмила Белоголовская, «Қарағанды-Нан корпорациясы» ЖШС-нің бас технологы:
– Егер тамақ өнеркәсібі азық-түлік қауіпсіздігіне кепілдік беретін кәсіпорын ретінде ДСҰ-ға мүше болуға жауапкершілікпен қарайтын болса, қомақты қаражат жұмсауымыз қажет. Мысалы, қазір біздің инженер-микробиолог өз біліктілігін арттыруда. Сондай-ақ өндірісімізде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Біз азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін енгізуге дайынбыз.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/57518-dajyn

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз