Ливиядан бас сауғалап қашқан босқындар Еуропа елдеріне өтуді аңсайды.
Үш бірдей кемеге отырған 1500-ге жуық адам Италия жағалауында апатқа ұшырай жаздады. Абырой болғанда, жергілікті құтқарушылар олардың өміріне араша түсіп үлгерді. Жыл өткен сайын қалайда Аппенин түбегіне жетіп, тұрмыс-тіршілігін жақсартуды көксейтін босқындардың қатары сейілер емес. Күніне Африка елдерінен шыққан жүздеген адам Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жетуге асығады.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57512-italiya