Жөл көлік апаты 6 сәуір күні Алғабас ауылының маңында болған. Бұл туралы өңірдегі меншікті тілшіміз Ботагөз Базарбаева хабарлады. Ішінде 64 жолаушысы бар автобус көпірден Аңқаты өзеніне құлап кеткен. Жолаушылардың дені – Өзбекстан азаматтары. Белгілі болғандай, олардың бәрі жұмыс үшін Мәскеуге бара жатқан. 4 адам оқиға орнында жан тапсырды, жағдайы ауыр тағы екі жолаушы Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, жол көлік апаты орын алған жерге санитарлық авиация мен 5 реанимобиль жіберілген. Облыстық орталығына 23 адам түрлі жарақаттарымен жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-i-a/item/57545-ba-ily-boldy