Барымташылар қолды еткен бір үйір жылқы иесіне қайтарылды

0
829
 2
Атырауда 3 адамнан тұратын барымташылар қолға түсті. Қала маңындағы елді мекен жайылымында жүрген 15 бас жылқыны айдап әкеткен қылмыскерлер көзден тыс, оқшау жерде құрылыс жүріп жатқан нысандардың біріне қамап, сатып алушы адам іздеуге кіріскен. Мал иесінің арызы бойынша құрылған жедел-іздестіру тобы алдымен жылқыларды тауып, үш тәулік бойы ұрыларды сол нысанда күтіп отырған. Ақырында алушы тауып, жасырын мекендегі малды бауыздауға келген ұрылар сол жерде тобымен құрықталып, жылқылар аман-есен иесіне қайтарылды. Барымташылардың басшысы бұрында ұрлығы үшін сотталған, қала маңындағы селолардың тұрғыны болып шықты. Қалған екеудің бірі туысы, бірі ауылдасы екен. ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі Г.Мұхтарованың мәлімдеуінше, қазір ұсталғандар уақытша оқшаулау орнына қамауға алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-i-a/item/57549-barymtashylar-oldy-etken-bir-jir-zhyl-y-iesine-ajtaryldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз