Отандық машина жасаушыларды қолдау үшін 35 млрд теңге бөлінеді

0
65
 
Отандық машина жасаушыларды қолдау үшін 35 млрд теңге бөлінеді Отандық машина жасау саласын дамыту үшін биыл ұлттық қордан 35 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаржы автокөлік, тікұшақтар мен жолаушылар вагондарын жасаушыларды қолдауға бағытталады. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сөз сөйлеген Ұлттық экономика министрінің орынбасары Марат Құсайынов осылай деді. Жалпы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көлік-логистика, туризм, энергетика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен білім саласы инфрақұрылымын дамыту қарастырылған. Енді агроөнеркәсіптік кешен субъектілері мен отандық экспорттаушы кәсіпорындарды қолдау шарасы да іске асырылмақ. Ол үшін биыл ұлттық қордан 800 миллиард теңгедей қаржы бөлінеді екен. Нәтижесінде алдағы 4 жылда 400 мың адамға арналған жұмыс орындары ашылмақ. Марат Құсайынов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары: – «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға ҚР Ұлттық қорынан: 2015 жылы 796 млрд теңге, 2016 жылы 379 млрд теңге, 2017 жылы 3 млрд АҚШ доллар эквиваленті көлемінде қаражат бағыттау жоспарлануда. Халықаралық қаржы институттары есебінен индикативті бірлесіп қаржыландыру көлемі 9 млрд АҚШ доллар шамасында құрайтын болады.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/otandy-nimdi-satyp-al/item/57562-ge-b-linedi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз