ЕАЭО-ның мүмкіндіктердің жаңа көкжиегін ашты

0
436
5
               ЕАЭО-ның мүмкіндіктердің жаңа көкжиегін ашты Қазақстан мен Ресей – ежелден дос әрі стартегиялық әріптес. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы көршілес мемлекеттар арасындағы сауда-саттық пен алыс-берістің артуына үлкен әсерін тигізуде дейді Түмен облысының губернаторы. Әсіресе ауылшаруашылығы, мұнай-газ және бизнес саласындағы әріптестік нығайып келеді. Түмен – Ресей Федерациясының ең ірі облыстарының бірі. Құрамына Ямало-Ненец, Ханты-Манси секілді ірі автономиялық округтері кіреді. Сондықтан табиғи қазбаларға, әсіресе қара алтынға бай. Көршілерімізді мұнайдың астанасы деп те атауға болады. Осыдан болар бұл өңірдің экономикасы озық, жаңа технологияларды енгізу және қолдану бойынша көш басында. Мұнай-газ өндірісінен басқа ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамыған. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ мүмкіндіктердің жаңа көкжиегін ашты дейді облыс губернаторы Владимир Якушев. Владимир Якушев, Түмен облысының губернаторы: – Жыл өткен сайын Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері арасындағы әріптестік нығайып келеді. Бір ғана мысал «Түменстальмост» кәсіпорны қазір Астанадағы теміржол вокзалына қажетті құрылғылар жасауда және тапсырыстың да көлемі қомақты. Тағы бір айта кетерлігі, біздің өңірге де келген қазақстандық кәсіпкерлерге жол ашық. Бұл бизнестің қуаттылығын, екі ел арасындағы достастықты одан ары нығайтуға сеп болады. Түмен – орманға бай өлке. Сондықтан ағаш өңдеу саласы қарқынды дамыған. Жыл сайын қазақстандықтар үй салу үшін Ресейдің осы аймағынан мыңдаған текше метр қарағай жеткізеді. «Бұның барлығы да – мемлекеттер арасындағы достықтың нәтижесі әрі жаңадан құрылған одақ ұсынған мүмкіндік», – дейді көршілеріміз. Владимир Якушев, Түмен облысының губернаторы: – Қазіргі күні ең бірінші екі арадағы барыс-келіс жеңілдеді. Кедендік салықтар алынып тасталды, шекарадан өту секілді әкімшілік кедергілер жеңілдетілді. Бұл – бизнесті барынша қолдау деген сөз. Осының арқасында бірлескен кәсіпорындар құрылып, өкілдіктер ашылуда. Тек былтырғы жылы Түмен облысының Қазақстан мен арадағы сауда айналымы 105 миллион АҚШ долларын құрады. Экономикалық мүдде мемлекеттер арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан сенімділік пен серіктестікті нығайтуға жол ашты. Бұл өз кезегінде әлеуметтік салаға да оң әсерін тигізіп отыр. Әсіресе білім беру, медицина, туризм салаларындағы ынтымақтастық жанданады. Владимир Якушев, Түмен облысының губернаторы: – Қазақстандық әріптестеріміздің интеллектуалдық потенциалы зор. Бүгінгі таңдажер байлығын игеруде жаңа технологияларды енгізу барысында осы бағытқа басымдық берілуде. Сондықтан бұл экономикалық кеңістік барлық мүше елдерге тиімді екеніне көз жетті. Болашақта да бұл одақтың аясында әріптестік нығайып, бәрінің де экономикасының артуына оң әсер етеді деп ойлаймын. Түмен тек солтүстік Қазақстан облысымен ғана шекаралас. Бірақ мұнай мен газға бай болғандықтан, еліміздің батыс өңірімен тығыз қарым-қатынаста. Болашақта да Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, экономиканың кез келген саласында Қазақстанмен әріптестік орнатуға мүдделі. Өйткені қазақ елі досқа адал, сертке берік, экономикасы қарышты дамып келе жатқан қуатты мемлекет дейді ресейліктер.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/ekonomika/item/57571-ashty

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз