Ресейде қазақ ақыны бір сөзден тұратын кітап шығарды

0
28

book

Ресейдегі Омбы қаласының тұрғыны ұлты қазақ Елубай Бақтыбаев есімді ақын бір сөзден тұратын кітабын шығарды. Кітап таралымы – 1000 дана.

Бұл туралы “Супер Омск” басылымы жазды. Кітап шынында да бір ғана сөзден тұрады. “Ал содан соң сөз болды” (“А после было слово”) деп аталатын жинақта “Иә-ә-ә-ә…” (“Да-а-а-а-…”) деген бір-ақ сөз бар. Ал оған дейін және кейін автордың алғысөзі мен түсіндірмесі берілген.

“Мен мұны ұзақ зерттедім, сосын жұрттың осы сөзді қалай айтатынын байқай бастадым. Әлдеқандай бір жерде әлдебір нәрсе бола қалса, олар ойланып алып, “Иә” дегенді айтады. Бұл – қып-қысқа сөз, бірақ ол тұтас бір әңгімені, тақырыпты толық алмастыра алады. Егер оны әлдебір жерде ести қалсаң, айтып тұрған адамның не ойлап тұрғанын ойланып қаласың да, алдын орап кетесің”, — дейді Бақтыбаев.

Осы әдеби туындыны жазу идеясы омбылық ақынға Ұлы Отан соғысы майданында шайқасқан әкесімен сөйлесіп отырғанда келген екен. Ол жүріп өткен өмір жолдарын еске алып отырғанда, әр жолы ойлы қалыпта дәл осылай: “Иә-ә-ә-ә…” дейтін көрінеді.

Елубай Бақтыбаев ақындықпен айналысады. Оның шығармалары интернетте жарияланып жүр. Ал 2009 жылы өлеңдері мен қанатты сөздерден тұратын “Көкке құлақ түргенде” (“Слушая небо”) деген кітабын шығарыпты.

Егемен Қазақстан

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз