Қазақстанға арнайы шақыртумен əлемдік жұлдыздар Imany мен Arash келмек

0
487

arman

 Астана. 6 сәуір. Baq.kz – Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникацилар қызметінің брифингінде «Муз-Тв» телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров «Муз-тв 2015» сыйлығын табыстау рәсімінің арнайы қонақтарының есімін жариялады.

– Арнайы қонақ ретінде Астанаға əлемдік хит-парадтардың ең үздігі атанған француз əншісі Imany жəне қазақстандықтар мен көрермендеріміздің сұрауы бойынша заманауи поп-музыканың жұлдызы, швед-ирандық əнші Arash- ты шақырып отырмыз, – деді ол.

Сонымен қатар Арман Дәулетияровтың айтуы бойынша, «Муз-тв 2015» сыйлығын табыстау рәсіміне Ресейден Николай Басков, Софи, Константин Меладзе, Валерий Меладзе, Валерия мен Анна Шульгина, «Серебро», «ВиаГра», Дима Билан, Нюша, Егор Крит, Макс Корж, «A’Studio», Филлип Киркоров, Иосиф Кабзон шақыртылыпты жəне бұл тізім əлі толығу үстінде.

Айта кетейік, «Муз-тв 2015. Гравитация» сыйлығын табыстау рәсімі 5 маусым күні Астанада өтеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз