Қайрат Нұртас «Муз-тв 2015. Гравитация» сыйлығына ұсынылды

0
134

 

 Астана. 6 сәуір. Baq.kz – «Қазақстанның ең үздік əртісі» номинациясына ұсынылатын бестіктің есімдері белгілі болды деп хабарлады «Муз-Тв» телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров Астанадағы ОКҚ брифингі барысында.

– «Муз-тв 2015. Гравитация» сыйлығын табыстау рәсімінде арнайы қазақстандықтарға арналған номинация қосылғандығын білесіздер. Оған кімдер ұсынылатындығы туралы сарапшылардың бір айға созылған талқылауы да аяғына жетті. Қазақстанның музыка индустриясында бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан шоу-бизнес өкілдері, музыкалық арналар мен радиостанциялардың басшылары, музыканттар мен оранжировка жасаушылардан құралған сарапшылар біз ұсынған үлкен қазақстандық жұлдыздар тізімінен өздерінің бестігін таңдады. «Қазақстанның ең үздік əртісі» номинациясына Жанар Дұғалова, Қайрат Нұртас, Нұрлан Абдуллин, МузАрт жəне Əли Оқапов ұсынылып отыр, – деді «Муз-Тв» телеарнасының бас директоры.

Оның айтуынша, «Қазақстанның музыкалық индустриясын дамытқаны үшін» деген де арнайы сыйлық номинация қосылып отыр. Оған кімдердің ұсынылатыны алдағы уақытта жарияланатын болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз