Николай Басков қазақтарға күйеу бала болғысы келеді

0
402

 baskov

Астана. 6 сәуір. Baq.kz – Ресейдің танымал әншісі Николай Басков қазақтарға күйеу бала болғысы келеді. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникацилар қызметінің брифингінде «Муз-Тв» телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров хабарлады.

– «Муз-тв 2015. Гравитация» сыйлығын табыстау рәсіміне арналып түсіріліп жатқан бағдарламалардың бірінде Николай Басков қазақ тілінде «Мен Қазақстанға келемін. Қазақтарға əн саламын. Күйеу бала боламын» деп айтты, – деді А.Дәулетияров.

Оның айтуынша, Николай Басковтың сүйіктісі Алматы облысы Талдықорған қаласының қызы екен. Бағдарлама алдағы уақыттары еліміздің арналарының бірінде көрсетілетін болады.

Айта кетейік, «Муз-тв 2015. Гравитация» сыйлығын табыстау рәсімі 5 маусым күні Астанада өтеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз